Назарбаев қандай арманы орындалғанын айтты

28 Сәуір 2021, 16:06
1966
Бөлісу:
Назарбаев қандай арманы орындалғанын айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында тұрақтылық туралы айтып берді.

Осы жылдар ішінде мен әрқашан халықтың бірлігін, береке-бірлікті, қауіпсіздікті, тұрақтылық пен тыныштықты бірінші орынға қойдым. Кейбір оппозициялық жолдастардың: «Ол үнемі тұрақтылық, тыныштық туралы айта береді» дегенін естідім. Тұрақсыздық дегеннің несі жақсы? Біз тұрақсыздықтың қандай болып жатқанын көріп отырмыз. Революциядан революцияға, соғыстан соғысқа жүгірген ел дамымайды, ондай ел бәрінен артта қалады, - деді Назарбаев.

Ол азаматтардың тұрақтылығы, тыныштығы халықтың өзіне байланысты екенін еске салды.

Мен біздің еліміз бейбітшіліктің эпицентрі болғанын қалаймын. Соғыс зардаптары, ұлтаралық қантөгістердің, діни қақтығыстардың ешқашан болмағанын қалаймын. Осы орайда, бүгінгі таңда менің арманым орындалды деп айта аламын, - деді Елбасы.

Өзгелердің жаңалығы