Бас жаңалықтар
Назарбаевқа кім қандай сағат сыйлады?
PHOTO
19 Қараша 2020, 19:34 1389

Назарбаевқа кім қандай сағат сыйлады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының бөлігі» атты көрмелері ашылды.


Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күлайша Ақтаева айтқандай, екі көрме Елбасының жеке қорынан ұйымдастырылған.


Біз парақтап, мұрағат материалдарын ашатын болсақ, мәдени мұрамыз бен тарихи негізімізді қалыптастыру мен жаңғырту туралы саясатымыз туралы баяндайтын қайталанбас деректерді табуға болады. Әрине, осындай көрмеде 30 жылдан бері жасалған еңбек туралы экспозицияларды қоюға тырыстық. Екінші бөлігі сыртқы саясат негізінде Елбасының жеке феномені деуге болады. Екіжақты қарым-қатынасты жақсы қалыптастыру және жаңғырту - Елбасының ерекше адамгершілігі және саясаткер ретінде үлкен құрметке ие болған тұлға деп айтуға болады, - деді Ақтаева.



Оның айтуынша, Елбасыға сыйға тартылған заттар тек бір елдің байлығы ғана емес, бүкіл әлемнің тарихи-мәдени мұрасының бір бөлігі.



Қазақ елінің тарихы мен мәдениеті бүкіл әлемнің мәдени мұрасының бөлігі деп айтуға болады. Сондықтан осы көрмелер ҚР Тұңғыш Президентіне арналып отыр, - деді ол.


«Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдасы бөлігі» көрмесінде 70-тен астам түрлі және сирек кездесетін сағат туындылары ұсынылған.



Коллекцияның негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа шет мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, шетелдік делегациялардың, Қазақстан тұрғындары мен елдің және оның көшбасшысының халықаралық беделін құрметтеудің белгісі ретінде ұсынған сыйлықтар құрайды.




Көрмеде сағаттық өндірістің бірегей үлгілері, атап айтқанда, Almos, Hermle, Berhard, Richards manufacturer, Blancpain сынды әлемге әйгілі еуропалық мануфактуралардың бұйымдары ұсынылып отыр.



Мысалы, көрме экспонаттарының арасынан композитор Нұрғиса Тілендиевтің жұбайының Назарбаевқа табыс еткен сағаты, XVIII ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптік революцияның алғашқы бу машиналарына қатысты «Паровоз» сағаты бар.



Сондай-ақ, 3000 жылға дейінгі күтүзбесі бар әлемдегі жалғыз сағат – Atmos және басқа да көптеген жәдігерлерді көруге болады.



Сондай-ақ, аталмыш көрмемен бірге ашылған «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» көрмесінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенді зерделеу және насихаттау жөніндегі бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысында Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен дамытуға қосқан үлесін көрсететін фото, бейне және дәстүрлі құжаттар ұсынылды.





Көрмелерді 2021 жылдың қаңтарына дейін тамашалуға болады.


 



Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...