Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны анықталды

8 Тамыз 2020, 10:25
1861
Бөлісу:
Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Үндістанда ұшақ апатынан 20 адам көз жұмып, тағы 140 жолаушы зардап шеккен. Бұл туралы РБК хабарлады.

Керала штатына қарасты Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясының ұшағы қатты жаңбыр жауып тұрғанда әуежайға қонған. Үндістан азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, жоғары жылдамдықпен келген ұшақ қону жолағынан асып  тау шатқалына құлап екіге бөлініп қалған.

Апат кезінде ұшақ өртенбеген.

Әуе кемесінде 191 адам болған. Олардың бәрі коронавирусқа байланысты  Дубайда қалып қойған азаматтар екен.

Бұған дейін, Үндістанда жолаушылар ұшағы жолақтан шығып кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз. 
Өзгелердің жаңалығы