Бас жаңалықтар
Нигерияда ұрланған 300 мектеп оқушысы құтқарылды
28 Ақпан 2021, 22:07 795

Нигерияда ұрланған 300 мектеп оқушысы құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Нигерияның солтүстігінде ұрланған 300-ге жуық мектеп оқушысы бүгін босатылды.

Бұл туралы Nation хабарлады.

Федералдық қауіпсіздік күштерінің бөлімшелері мен полиция соңғы 3 күн бойы тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ штаттың билік органдары қыздарды құтқару мақсатында жергілікті қауым өкілдерімен келіссөздер жүргізіп отырған.

Қазір қыздар жолда. Олар Замфара штатының әкімшілік орталығы Гусау қаласына жеткізіледі.

Мектеп оқушыларын қалай босатқаны жөнінде, оларды құтқару үшін ақша төленгені жөнінде ақпарат жоқ.

Еске салсақ, 26 ақпан күні түнде оқушыларды Джангебе қаласындағы қыздарға арналған мемлекеттік мектеп-интернаттан ұрлап әкеткен болатын.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...