Нигерияда ұрланған оқушы қыздар отбасына оралды

2 Наурыз 2021, 22:08
1677
Бөлісу:
Нигерияда ұрланған оқушы қыздар отбасына оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияда бірер апта бұрын лаңкестер ұрлап әкеткен 279 оқушы қыз босатылды, деп жазды «Хабар 24». 

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, балалар қазір үйлеріне оралған. Бірақ жергілікті билік оқушы қыздарды содырлардың қолынан қалай босатылғанын жарияламай отыр. 

Айта кетейік, Нигерияда соңғы уақытта ақша талап ету мақсатында оқушы қыздарды ұрлау жиіледі. Осыған байланысты ел басшысы қарақшылардың талаптарын орындау бойынша ұстанымды қайта қарауға шақырды.

Нигерияда ұрланған мектеп оқушылары құтқарылғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы