Ноғаев Шымкент және Түркістандағы бірқатар мұнай-газ-химия объектісіне барды

26 Қазан 2020, 11:17
1610
Бөлісу:
Ноғаев Шымкент және Түркістандағы бірқатар мұнай-газ-химия объектісіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапары барысында Энергетика министрі «Hill Corporation» жағар майлар өндірісі бойынша зауыттың жұмысымен танысты, «Standard Resursis – УглеХим» көмір-химия комбинатын аралады, сондай-ақ метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) және полипропилен ұнтағын өндіру бойынша зауыттың құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

«Стандард Ресурсиз» ЖШС «STANDARD RESURSIS – УглеХим» мотор отынын және мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін қуаты 100 мың.тонна болатын көмір-химия комбинаты жобасының бастамашысы болып табылады. Жоба Түркістан облысының Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатыр. 

Нұрлан Ноғаев «Оңтүстік» АЭА аралау барысында «Hill Corporation» майлау материалдарын өндіру бойынша зауытқа, сондай-ақ метил-трет-бутил эфирін және «Шымкент Химиялық компаниясы» ЖШС жүзеге асыратын полипропилен ұнтағын өндіру бойынша зауытқа барды. 

«Hill Corporation» зауыты үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша бағдарламаның шеңберінде салынды. 2010 жылғы 22 мамырда ресми пайдалануға берілді. Жобаның инвестициялық құны 50 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта зауытта шамамен 300 адам жұмыс жасайды. 

Қазақстанда барлығы майлау материалдарын өндіру бойынша жалпы қуаты 145 мың тоннаны құрайтын 4 кәсіпорын жұмыс істейді, олар еліміздің ішкі нарығының қажеттілігін толығымен қамтиды. 

«Шымкент Химиялық компаниясы» ЖШС «Оңтүстік» АЭА аумағында метил-трет-бутил эфирін және полипропилен ұнтағын өндіру бойынша жобаны жүзеге асырады. 

Метил-трет-бутил эфирі отынның октандық құрамын арттыратын оксигенерациялық ұнтақ болып табылады, ұнтақ полипропилен қапшық, ыдыс, құбыр және т.б. өндірісіне пайдаланылатын полимерлік өнім болып табылады. Жобаның қуаты 57 000 тонна МТБЭ және 80 000 тонна полипропилен ұнтағын өндіруге арналған. Қазіргі уақытта объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сапар қорытындысы бойынша, Нұрлан Ноғаев мұнай-химия саласын бұдан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы