Ноғаев жылыту маусымын өткізудегі проблемалық мәселені атады

18 Мамыр 2021, 10:36
877
Бөлісу:
Ноғаев жылыту маусымын өткізудегі проблемалық мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Жылыту маусымын өткізудегі проблемалық мәселе – отын үшін елеулі кредиторлық берешек көлемі. Бүгінгі таңда энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз» АҚ алдындағы қарызы 667 млн теңгені құрайды. Бұл өткен жылғыға қарағанда әлдеқайда төмендеді. Энергия өндірушілердің «Богатырь көмір» ЖШС алдындағы қарызы 1 млрд теңгені құрайды, - деді ол.

Ноғаев осы берешектер энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жөндеу жұмыстарын уақытылы орындауға теріс әсер етеді.

Сондықтан жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қызмет алдындағы берешекті өтеу жұмыстарын күшейтуі қажет, - деді Ноғаев.

Сондай-ақ Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қандай да бір себептермен жылыту маусымында жылу тапшылығын көрген өңірлерді атады.

Өзгелердің жаңалығы