Нотариустардың жұмысын жеңілдететін заң жобасы қабылданды

28 Қаңтар 2021, 11:28
3190
Бөлісу:
Нотариустардың жұмысын жеңілдететін заң жобасы қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Енді нотариус куәландырған құжаттар электрондық мұрағатта сақталады, ал нотариустардың өздері олардың «электрондық» және «қағаз» нұсқаларының бірдейлігін куәландыра алады. Азаматтар құжаттың сканерленген нұсқасын нотариалды түрде куәландыруына болады және бұл файлды талап етілген жерге онлайн режимінде жібере алады. Ал құжат «қағаз» түпнұсқа сияқты қабылдануы тиіс. Нотариустардың қызметін осылай цифрландыру адамдарға қызмет көрсетуді оңай және ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. 

Қабылданған заң елімізде нотариат институтын одан әрі жетілдіруді көздейді. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл салада жұмыс істейтін төрт мыңнан астам нотариус бар. Осы заң халыққа нотариаттық қызмет көрсету кезінде цифрлық технологиялардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, нотариаттық қызметке қойылатын талаптарды күшейтуге құқықтық негіздер қалыптастырады, - дейді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Егер бұрын жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару және кепілге қою туралы шартты куәландыруды мүліктің орналасқан жері бойынша ғана жүргізуге болатын болған. Бұл көбіне ыңғайсыздық тудыратын. Енді  аумақ қағидасы енгізілгеннен кейін мүлік иесі оны елдің кез келген елді мекенінде жасай алады. Бұл нотариустардың өздеріне де жұмыс істеу оңайырақ болады. Олар тұтынушыларға бұрын жасай алмаған, нотариат қызметіне қатысы жоқ ақылы кеңестер бере алады. Ал куәландырылған құжаттардың көп томдық мұрағаттары электрондық базада сақталатын болады.

Сенат заңды қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді.

Өзгелердің жаңалығы