Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 22 жастағы бойжеткен 11-қабаттан секіріп кетті
18 Сәуiр 2021, 06:43 1381

Нұр-Сұлтанда 22 жастағы бойжеткен 11-қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен  бойжеткен секіріп кеткен. 22 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілдері растады.

17 сәуір күні таңғы сағат 8.10 шамасында «102» арнасына Сарыарқа даңғылы бойында қыз баланың терезеден құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, 22 жастағы тұрғын 11-қабат терезесінен секіріп кеткен екен. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты, – делінген ПД баспасөз хабарламасында. 
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға болған сәтте отбасы мүшелері түгел үйде болған екен.

Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...