Нұр-Сұлтанда 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

20 Сәуір 2021, 16:49
1102
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату ісі жалғасып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Қайырымды істер» марафоны аясында қасиетті Рамазан айында 4 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады. Азық-түлік жиынтықтарын таратуға еріктілер мен айналасына жанашырлықпен қарайтын қала тұрғындары көмек көрсетіп жатыр.

Нұр-Сұлтанда 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

Сонымен қатар 17 наурызда «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды. Бұл іс-шараға «Халық» қайырымдылық қоры бастамашылық етті. Аталмыш қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мұқтаж отбасыларға 1 мыңнан астам азық-түлік себетін тапсырды.

Өз кезегінде Болат Өтемұратов қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдап, сәуір айында елорданың мұқтаж отбасыларына азық-түлік жиынтығының 1000 себетін табыс етті.

Нұр-Сұлтанда 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» марафонының аясында өтті. Наурыз айында 4 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы тапсырылды. Қайырымдылық істі жүзеге асыруға кәсіпкерлер, ірі ұйымдар, еріктілер және қала тұрғындары атсалысты. Пандемия кезінде дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды тарату, зейнеткерлердің аулаларының қарын күреу, ағаш отырғызу және т.б. жұмыстар жүргізілді.

Нұр-Сұлтанда 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

Сол сияқты қасиетті айды Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы «Нұр-Астана» мешіті ұжымымен бірлесіп, аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ таратумен бастаған.

Нұр-Сұлтанда 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бизнесмендерді, ірі кәсіпорындардың басшылары мен топ-менеджерлерді қайырымдылық акцияларына қатысуға шақырды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Өзгелердің жаңалығы