Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда барлық мектепке жаңа оқулықтар таратылып жатыр
07 Тамыз 2020, 02:02 528

Нұр-Сұлтанда барлық мектепке жаңа оқулықтар таратылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді. Ол туралы толыққанды ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Осылайша, қазір елордада жаңа оқу жылына дайындық жалғасып, мектептер жаппай оқулықтармен қамтамасыз етіліп жатыр.

Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 19 баспаның оқулықтары бар. Осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес оқулықтар алады. Бүгінгі таңда 35 мектеп кітап алды, - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады. Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 КамАЗ-бен 750 тонна оқулық әкелінген. Олар мектептерге бөлінуде. Оқу құралын уақытылы жеткізуді мониторинг тобы қадағалайды.

Қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, Қосшы ауылындағы мектепке барып, оқулықтарды 1-11 сыныптарға тараттық. Атап айтқанда, оқулықтардың №54 мектеп-лицейге жіберілуін қадағаладық. Біз бұл үдерісті толық бақылаймыз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Астана-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Еске сала кетсек, Қазақстанда биыл еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сынып оқушыларын қашықтан оқыту жоспарланған. Осыған байланысты білім басқармасына және мектеп директорларына барлық мектептердің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...