Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлік жүргізген құжаты жоқ бойжеткен ұсталды

27 Қазан 2020, 21:30
1685
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлік жүргізген құжаты жоқ бойжеткен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған мас қызды ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында полиция қызметкерлері Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде күдік тудырған «PEUGEOT 206» маркалы көлікті байқаған.

Тексеру барысында 28 жастағы қыздың мас екені анықталды. Жүргізуші құжаттары мен жүргізуші куәлігі жоқ екенін мойындады. Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Сонымен қатар 2019 жылдың маусым айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Алайда, жазаға қарамастан, жүргізуші мас күйінде рөлге қайта отырған.

Бұл факті бойынша тәртіп бұзушы ПД Уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде жүргізушіге 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алыну қаупі бар. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік иелерінен алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды.


Өзгелердің жаңалығы