Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылды

2 Желтоқсан 2020, 00:12
1604
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді. Онда газ баллоны жарылған, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті. Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған, - делінген хабарламада. 

Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған. Өрт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 22:36-да ауыздықталып, сағат 22:50-де толық сөндірілді. Қазір мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы