Нұр-Сұлтанда ҰБТ өткізу уақыты бір сағатқа шегерілді

16 Мамыр 2021, 06:15
1994
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ҰБТ өткізу уақыты бір сағатқа шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҰБТ өткізу бір сағатқа шегерілді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 

Орталықтың мәліметінше, 16 мамыр күні тек елордада ғана ҰБТ бір сағатқа шегерілді. 

Яғни таңғы сағат 09:00-де басталатын ҰБТ сағат 10:00-ге;  

түскі сағат 14:00-де басталатын ҰБТ 15:00-ге ауысты. 

Аталмыш жағдай Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу пунктінде («Тәуелсіздік сарайы», Тәуелсіздік көшесі, 52-үй) техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты болып отыр, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы