Нұр-Сұлтанда жалған жүргізуші куəліктерін «сатқан» интернет-алаяқ ұсталды

18 Қазан 2020, 03:44
1356
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жалған жүргізуші куəліктерін «сатқан» интернет-алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда полицейлер интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасау қызметі туралы хабарландырулар жариялаған алаяқты ұстады. Бұл жайында Polisia.kz хабарлады. Ол көшеде ұсталды. Тəртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды анықтады.

Ол көшеде ұсталды. Сенімділік үшін 40 жастағы ер адам азаматтарға жеке куәлігін көрсеткен, алайда тексеріс барысында құжаттың бұрын алаяқтың құрығына түскен бөтен адамға тиесілі екендігі анықталған. Өзінің қызметтері үшін ол ақшаны электрондық әмиянға аударуды сұраған. Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпаған.

Аталмыш схема бойынша алаяқ жыл басынан бері алты азаматты алдап үлгерген. Бірақ жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Ақпараттық жүйені қолданушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Егер сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз: 102, 71-63-35, 71-66-10, 8-747-620-57-93.

Өзгелердің жаңалығы