Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

24 Ақпан 2021, 16:40
1497
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды. Қалада қар күреу жұмысы кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

23 ақпаннан 24-іне қараған түні қала жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 700-ден астам арнайы техника мен 100-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

24 ақпанда, яғни бүгін қар күреуге 2000-ға жуық жұмысшы мен 1 200-ден аса арнайы техника шықты.

Айта кетейік, бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер күреледі. Одан әрі – орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар.

Күрелген қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар күреу 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Өзгелердің жаңалығы