Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтандық жастарға 350 пәтер берілді
23 Қаңтар 2021, 22:19 134

Нұр-Сұлтандық жастарға 350 пәтер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспананың кілтін табыс етті. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында жазды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан басталған – жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бүгін оларға Алматы ауданы, Қордай көшесі, 76-үйде 350 пәтер берілді. «Қадамдық қолжетімдік» қағидатына сәйкес, үй маңында денсаулық сақтау және білім беру нысандары бар. Бұл аумақты көктемде абаттандырамыз: ағаштар отырғызып, орындықтар орнатамыз, – деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша пәтерлер тек 5 жылға беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істейтін жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинай алады. 2021 жылдың соңына дейін оларға тағы 1050 пәтер беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемі 3 есеге ұлғайды. Жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстарға Үй құрылыс комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар – құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер былтыр 7 мыңнан астам пәтер берілсе, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттырамыз. Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады, – дейді Алтай Көлгінов.


Фото: дереккөз
Загрузка...