Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

27 Наурыз 2021, 16:24
6713
Бөлісу:
Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде киелі өңірдегі қай ірі сауда орындары мен жай дүкендерге болмасын бас сұқсаңыз сөрелерден «Бөрте милка» ЖШС-нің сүт өнімдерін кездестіресіз. Халық арасында бұл кәсіпорынның өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Себебі, әрбір өнімдерін жоғары талаппен шығарады, халыққа сапалы дүние ұсынады. Атап айтқанда сүт, айран, қаймақ, балмұздақ, тіпті құртына дейін жергілікті тұрғындар үздіксіз тұтынып, сүйсіне жейтіні жасырын емес.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Мемлекет басшысы жыл сайын әр Жолдауында ауыл шаруашылығы негізгі ресурсымыз екендігін, елімізде өндірілетін отандық органикалық және таза экологиялық өнімдерді сыртқа шығаруға қауқарымыз жететінін айтумен келеді. Әсіресе кәсіпкерлерге өз өнімдерін басқа елдерге сатуда барынша қолдау көрсету керектігін қадап айтты. Өз кезегінде Үкіметке тиісті тапсырмалар беріліп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түзілді.

Осы ретте біз Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан соңғы үлгідегі технологиялық құралдармен жабдықталған «Бөрте милка» кешенді сүт фермасының сүт өңдеу зауытының жұмысы туралы айта кеткенді жөн көріп отырмыз.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

«Бөрте Милка» ЖШС 2003 жылы құрылған. Кәіпорын атауы компания басшысы Нұралы Абишовтың кіші қызы Бөртенің құрметіне қойылған. Қазіргі таңда сүт зауыты күніне 15 тоннадан астам сүт өндіріп шығарады. Негізінен зауыттың күш-қуаты тәулігіне 50 тонна сүт өңдеп шығаруға әлеуеті бар. Сүт зауытын салу барысында Үкімет тарапынан электр жүйесі, кәріз тазалау қондырғысы салынып берілген.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Кәсіпорын мемлекеттен алған көмек аясында қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығының аясында және Түркістан облысы әкімінің қаулысының негізінде Түркістан облыстық ауыл шаруашылық басқармасына өтінім тапсыру арқылы инвестиция салынды. Сол инвестиция мен техниканың 25-тен 30% дейін, өңдеу мекемелеріне өткізген көлемге яғни сауылған сүттің әр литрына 30-дан 45 теңгеге дейін субсидия ретінде көмек алынады. Бұдан бөлек, сиырды қолдан ұрықтандыруға әр ұрықтың дозасына кеткен шығынның 50 %, шаруашылықтың аналық басының саны 600 бастан асқанда әр сиырға 120 мың теңгеден жылына субсидия беріліп отырылады. Ал шетелден сатылып алынған құнажындардың әр басына 400 мың теңгеден субсидия беріледі.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Сүт зауытын дамыту – негізі өзімнің идеям. Бұл ферма мен зауытты салғандағы мақсатым –  қазақ халқы, бізден кейінгі ұрпақ таза отандық өнім тұтынсын деген ниетпен аштым. Сонымен қатар, жаңа технологиялар енгізу арқылы жұмыс күшін азайтып, көп өнім алуды басты мақсат тұттық.  Бүгінде сол көздеген межеге жетіп отырмыз, - деді Нұралы Әлмаханұлы.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Сүт зауытында қазіргі таңда 47 адам жұмыспен қамтылған, ал сүт фермасында 60 адам еңбек етеді.

Бастапқыда фермаға  2016 жылы 408 бас ірі қара мал Венгриядан әкелінген екен. Содан бері мал басы жылдан жылға өсіп, бүгінгі таңда 1041 басты құрап отыр. Сиырлар – «Голштейн» тұқымына (породасы) жатады.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Фермадағы мал басының жем-шөбіне келетін болсақ, сүтті көбейту мақсатында жем-шөптің бірнеше түрін беріп отырамыз. Мысалы, шөп, силос (сүрленген жүгері), сенаж (жоңышқа) беріледі. Жыл сайын Ордабасы ауданындағы шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа тұрып, сол өнімді алып отырамыз. Сондай-ақ, Бөген ауылындағы шаруа қожалықтарымен де келісім-шартқа отырғанбыз. Олардан сабан, бидай, арпа, жүгері дәндері мен кебек, шрот аламыз. Қосымша сиырларға витаминдер беріп, сүттің молаюына осылайша әрекет жасап отырамыз, - дейді кәсіпкер Нұралы Әлмаханұлы.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Айта кетейік, жалпы сүт фермасында төрт қора бар, әрқайсысында 150-200-ден ірі қара малы орналасқан. Сиырлардың құлағында чип орнатылған. Сауын орнына осы чип арқылы кіріп шығады. Оларға бар-жоғы 9 ветеринар маман қарайды. Оның ішінде 3 адам сиырлардың тұяқтарына, 3 адам жалпы ірі қара малының денсаулығына күтім жасаса, 3 адам олардың ұрықтануын қадағалап отырады.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Толығымен автоматтандырылған сиыр фермасында ауа температурасы 25 градусты құрайды. Одан жоғарыласа арнайы желдеткіштер іске қосылады. Мүйізді қараның малағы аппаратпен  тазаланады, ал желінін жуып тазалап, сауып алу роботтарға жүктелген.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Кәсіпорын шығарған өнімдердің барлығы Шымкент қаласы мен Түркістан облысында сатылады. Компания басшысының айтуынша, алдағы уақытта Тараз және Алматы қалаларына да сатылымға шығару жоспарланып отыр. 

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Зауыт қаймақ, кефир, тұзды айран, йогурт, құрт, май және балмұздақ өнімдерін өндіреді. Бұл таза, ешқандай қоспасыз өнім болғандықтан, оларды сақтау мерзімдері бір айдан аспайды. Кәсіпорын басшысы адамдар белгілі бір өнім сатып алар кезде оның таза, қоспасыз екендігін айыра білу үшін алдымен  не нәрсеге мән беру керектігіне тоқталып өтті.

Жоғарыда айтып кеткендей, біз ешқандай қоспасыз, тек таза өнім шығарамыз. Өзіңіз білетіндей ешқандай қоспасыз жасалынған сүт өнімдерінің сақтау мерзімі аз әрі қысқа болады. Жұртшылық сүттің таза, құнарлы, қоспасыз екенін ажырату үшін қораптағы сүт өнімдерінің сақтау мерзіміне мән беру керек, - дейді компания басшысы.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Фермадағы 4 қорада 8 сиыр сауатын робот және сиырларға жем-шөпті беріп отыратын 4 қосымша робот орналасқан. Сиырды сауатын роботтың 6-уы Швециядан және 4 қосымша жем-шөп беретін робот пен 2 сиыр сауатын робот Голландия мемлекеттерінен әкелінген. Ал сүт зауытындағы барлық техникалық құрал-жабдықтар Италия мен Ресей Федерациясынан әкелініп қойылған.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Бәсекелестік туралы айтатын болсақ, қазіргі таңда Қазақстан мемлекеті көп нәрсені шет мемлекеттен әкеледі, сонымен бірге сүт өнімдерін сырттан тасып жатыр. Қосымша қанша ферма мен зауыттар соғылса да біздің ішкі нарықтағы тұтынуымызға әлі күнге дейін сүт өнімдері жеткіліксіз болып отыр. Сол себепті, керісінше мал басын көбейтіп, көптеген сүт өнімдерін шығаратын зауыт пен фермалар салу керек деп ойлаймын, - деді ол.

Короновирус індетінің барлық салаға кері әсері тигені рас. Пандемия кезінде «Бөрте милка» ЖШС сүт өңдеу зауыты жабық түрде жұмысын жалғастырды. Жұмысшылардың сапалы еңбек етуі үшін барлық тиісті іс-шаралар қабылданды. Сатылымға келетін болсақ, шектеулер кезінде барлық шекаралар жабық болғандықтан, шет мемлекеттен көп өнімдер біздің мемлекетке кірмеді. Соның әсерінен жергілікті өнім есебінде «Бөрте милканың» сүт тағамдары өте жақсы өткен.

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Бүгінде мемлекет тарапынан мал шаруашылығы кәсібіне өте көп жеңілдіктермен көмек беріліп жатыр. Алайда соған қарамастан біздің елде қазірге дейін ет пен сүт өнімдерін шет мемлекеттерден алып отыр. Сол себепті жаңа кәсіп бастайтындарға мал шаруашылығымен айналысып, мал басын көбейтуге кеңес берер едім. Міне, биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Отыз жылда еліміздің экономикасы айтарлықтай дамыды. Көптеген қиындықтарды артта қалдырдық. Мемлекет берген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді пайдаланып, Тәуелсіздіктің әрбір жетістігіне үлес қосуымыз керек. Агроөнеркәсіптік кешендер жер-жерде бәсекеге қабілетті болып, ел экономикасын көтеруге атсалыса берсін, - деді Нұралы Абишов. 

Нұралы Әбішев: Зауытты салғандағы мақсатым – кейінгі ұрпақ отандық өнім тұтынсын дедім

Елбасы Жолдауында айтылған агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті Түркістан өңірінде осылай іске асырылып жатыр. Компания басшысы жаңа қондырғылар алып, қайта өңделген сүт өнімдерін көбейте түскен.

Еске сала кетсек, «Бөрте милка» кәсіпорны 2017 жылы «Үздік инновациялық жоба номинациясы», 2018 жылы «Үздік инновациялық жоба номинациясы», Түркістан облысының ең үздік тауар өндірушілерінің «Turkistan Onimderi 2019» көрме жәрмеңкесінде «Жыл бренді» аталымын жеңіп алған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Түркістан облысы әкімдігі «Облыстың кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін» дипломының иегері атанған.

Өзгелердің жаңалығы