Назарбаев - ММУ тарихында доктор, профессор атағы бар жалғыз мемлекет басқарушысы

14 Мамыр 2021, 16:33
2699
Бөлісу:
Назарбаев - ММУ тарихында доктор, профессор атағы бар жалғыз мемлекет басқарушысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасы мен еліміздегі М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында М.Ломоносов атындағы ММУ филиалының директоры А.В. Сидорович айтты.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тарихи дата. Бұл жылдар ел дамуының бағыты мен бағдары дұрыс екенін көрсетті.

Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының ашылуы осы тарихи датамен тұспа-тұс келгені қуантады деп атап өтті ол.

Егер мемлекет өз қалыптасу тархында шынайы мемлекеттік ұйым ретінде бірлессе, халықаралық аренада мойындалса, бұл елді мемлекет деп атауға болады. Қазақстан сондай елдер қатарынан. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы Мәскеу мемлекеттік униерситетінің дамуымен тығыз байланысты. Мәскеу мемлекеттік университеті елдің дамуы мен оның әлемдік беделінің қалыптасуына зор үлес қосты. Сонымен қатар, университеттің түлектері Қазақстан тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап жаңа мемлекет құруға белсенді араласты. Олар Үкімет құрамына енді, түрлі салада жоғары лауазымдық қызмет атқарды және атқарып келеді, - деді Сидорович. 

Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Александр Садовничидің құрметі зор. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында оқыған лекциялары тарихи маңызға ие. Олардың тақырыбын екі бағытқа бөлуге болады – еуразиялық интеграция мен жаңа білім беру мәселелері.

Оның Мәскеу университеті қабырғасында Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бастама көтерген баяндамасы ерекше оқиға. Онда посткеңестік аймақтағы интеграцияның маңызы мен негізі жіліктеп талданды. Оның сол баяндамасы еуразиялық интеграцияның негізі болып қалды. Ал білім беруге қатысты баяндамалары жаңа Қазақстанның білім беру саласы мен білікті кадр даярлауына серпін беруге бағытталды. Тоқсаныншы жылдары Қазақстанның сутденттері Мәскеу мемлекеттік университеті бюджетінен білім алды. Біз университеттің қазақстандық жастардың бізде білім алғандығын мақтан етеміз, - деді ол. 

Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев студент жастармен өзі кездесіп, ел үмітін ақтауды тапсырған болатын. Ал осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанда униерситеттің филиалы ашылды. 

2003 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевқа университеттің құрметті докторы атағын беруді ұйғарды. Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу университетінің тарихында доктор, профессор атағы бар жалғыз мемлекет басқарушысы, - деді Сидорович.

Ол сонымен қатар бұл шараның Бірінші Президент кітапханасы қабырғасында өтіп жатқаны да аса маңызды екенін атап өтті.

Бұл конференция екі ел арасындағы пікір алмасудағы мәдени көпір рөлін атқарады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақындығын тағы бір мәрте паш етті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы