Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды

15 Мамыр 2021, 11:46
2432
Бөлісу:
Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада БАҚ өкілдері арасында волейболдан журналистер біріншілігі басталды. Алғашқы маусымда ғана өмірден озған белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлына арналады.

Волейболдан журналистер арасындағы толыққанды чемпионатты «BAQ league қоғамдық қоры» ұйымдастырып отыр. Біріншілікке 8 команда қатысуға өтініш берген. Арасында «ҚазАқпарат» командасы да бар. Бүгін бірінші турдың ойындары өтті.   

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды


 

«ҚазАқпарат» алғашқы ойында «7 арнамен» кездесті.

Бұған дейін отандық масс-медиалар арасында шағын футболдан сегіз маусымды ұйымдастырдық. Дегенмен, шыны керек, футболдың аудиториясы жас. Аға буын өкілдері бірен-саран, ал қыздар мүлдем жоқ. Жанкүйер ретінде келгенімен өздері тікелей қатыса алмайды. Ал БАҚ лиганың басты мақсаты - БАҚ өкілдерінің басын қосу. Сондықтан, жобамызға волейболды да қосуды жөн көрдік. Мұнда ұлдар да, қыздар да, аға буын әріптестеріміз де қатыса алатындай етіп жасадық. Яғни, журналистердің тимбилдингі үшін тағы бір таптырмас орта қалыптасайын деп тұр, - дейді ұйымдастырушы Әзиз Жұмәділ. 

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды

Алғашқы маусымды «Qazaqstan» РТРК ұсынысымен жақында ғана өмірден озған белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының рухына арнап отыр. 

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды


 


 

Оның туған күні 14 мамыр. Соған орай, 15 мамырда бастадық. Әлбетте, шағын футболдан да БАҚ лига біріншілігі жалғаса береді. Ол өз орнын тауып, қалыптасып қойған біріншілікке айналды. Бұйырса, волейбол біріншілігі де жылдам қарқын алып, қанат жая дамиды деп үміттенемін, - дейді Әзиз Жұмәділ. 


 

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды



 

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан біріншілік басталды


 

Өзгелердің жаңалығы