Нығматулин: Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

26 Ақпан 2021, 11:17
1314
Бөлісу:
Нығматулин: Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың тауар және қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды. 

Шарттың мақсаты - тауар және қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылатын жерлердің атауларына қатысты құқықтарды алудың өңірлік жүйесін құру. 

Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бар. 

Бұл құжат темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен үйлестіруді көздейді. 

Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста депутаттар микроқаржылық  және  коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарайтын болады.


Өзгелердің жаңалығы