Оқушыларға мыңдаған техникалық құрылғы алынды

23 Қыркүйек 2020, 09:04
1558
Бөлісу:
Оқушыларға мыңдаған  техникалық құрылғы алынды
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының оқушыларына 15 мыңнан астам ноутбук, 2 мыңға жуық компьютер, 2,5 мың планшет сатып алынуда. 

Бұл құрылғыларға республикалық бюджеттен 2 866 594 452 теңге, ал жергілікті қазынадан 244 980 000 теңге бөлінген. Облысқа техникалардың алғашқы партиялары келіп, қала және аудан білім бөлімдерінің өкілдері қабылдап алып жатыр. Бұл шараны өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент, қоғам белсенділері қадағалап, бақылауға алған. 

Оқушыларға мыңдаған  техникалық құрылғы алынды

Оқушылардың онлайн оқуына байланысты оларды соғай сай құрылғылармен қамту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасында жасалған келісім бар. Ол білім басқармалары арқылы сатып алынып жатқан техникалардың өңірге жетуін, балаларға үлестірілуін қадағалап, мониторинг жүргізу. Осыған сай, біз Атырау облысына келіп жатқан құрылғыларды қадағалауға алдық. Дәл қазір 720 планшет келіп тұр. Бұл екі мердігер мекемеден келген. Мұны Атырау облысы бойынша 4 ауданның білім бөлімі өкілдері келіп алып кетеді. Бұл жұмысты қадағалап жатқан қоғамдық бақылаушылар да бар, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт. 

Оқушыларға мыңдаған  техникалық құрылғы алынды

Мердігер компаниялардың әкелген құрылғыларын мамандар тексеріп көрді. Тапсырыс берушімен келісімшартқа байланысты техникалық ерекшеліктері толықтай сай болды. Айтуларынша, планшеттер оқушыларға ешқандай қиындық туғызбайды екен. Атырау облысы Исатай ауданы білім бөлімінің мамандары 240 планшетті тексеріп алды. 

Біздің мамандар планшеттердің техникалық ерекшеліктерін тексерді. Барлығы сай, сапалы екенін анықтады. Қазір ауылға жол тартамыз. Одан соң аудандық білім бөлімінің комиссиясы арқылы өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қолхат арқылы таратып береміз, - дейді Атырау облысы Исатай аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шолпан Хамзина. 

2,5 мың планшеттің 500-і қала оқушыларына, қалғаны аудандарға жіберіледі екен.


Өзгелердің жаңалығы