Ораза тұтқан жан КВИ-ге шалдықса, оразасын жалғастыруға бола ма?

8 Сәуір 2021, 17:55
2007
Бөлісу:
Ораза тұтқан жан КВИ-ге шалдықса, оразасын жалғастыруға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Карантин кезіндегі ораза» тақырыбында онлайн брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров жауап берді. 

Оның айтуынша, егер ауыз бекіткен жан Covid-19 вирусын жұқтырған жағдайда дәрігердің бақылауымен оразаны жалғастыруына да, тоқтатуына да болады. Барлығы аурудың симптомдары мен науқастың жағдайына байланысты. Алайда ислам діні жеңілдікті үндейді. Дертке шалдығу ораза тұтуға міндеттемейді. 

Алла Тағаламыз Бақара сүресінің 184-аятында айтқандай, ауырған адамдар оразаны басқа уақытта ұстауына рұқсат етілген. Ауырып қалған адамдарға дәрігердің кеңесін тыңдаған дұрыс, - деп коронавирусқа шалдыққан адамдарға толық емделіп, жазылып кеткенше, дәрігердің бақылауында болу керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар ол өткен жылдың оразасынан қаза болған күндерге қатысты сұраққа жауап берді. 

Ораза айы өткеннен кейін былтырғы оразада қаза болған күндерді өтеуді жалғастыруға болады. Өткен оразадан қалған күндер биылғы оразаны ұстауға кедергі жасамайды. Алла Тағала ниетімізге қарай береді. Осы оразада біріншіден Алланың құлшылығын орындаймын, екіншіден менің денсаулығыма пайда келтірсін, артық салмақты тастауға көмектессін деп ниет етсе, ол болуы мүмкін. Әрине ол әр пенденің Алла жаратқан болмысына байланысты, - деп айтты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, Оңғаров КВИ-ден көз жұмғандарды жерлеу рәсімі қалай өткізіліп жүргенін айтты.



Раушан Арманқызы
Өзгелердің жаңалығы