Түркістан облысында тiркелген науқас Жетісай ауданының тұрғыны

31 Наурыз 2020, 23:14
1947
Бөлісу:
Түркістан облысында тiркелген науқас Жетісай ауданының тұрғыны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы еліміздегі коронавирус індетінің ресми ақпарат көзі хабарлады.

Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызымен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан - делінген хабарламада.

Әзірге анықталғаны науқас 16 адаммен байланыста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы