Облыстық басқарма қызылша жұқтырған 27 студентке қатысты түсініктеме берді

21 Ақпан 2020, 11:40
1944
Бөлісу:
Облыстық басқарма қызылша жұқтырған 27 студентке қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысының Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институтының 27 студенті қызылша жұқтырған. 

Барлық ауырып қалған науқастар Арқалық өңірлік аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шықты. Бүгінгі күні 698 қатынаста болған адамға екпе егілді. 

Бұл туралы Арқалық қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы BAQ.KZ тілшісіне хабарлады. 

Қазіргі таңда Арқалық қаласында қызылшаның 29 жағдайы тіркелді. Сырқаттанып қалғандардың ішінен 27-і Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері болып табылады. Барлық ауырып қалған науқастар Арқалық өңірлік аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Науқастарды оқшаулау және емдеу үшін жағдай жасалған. Ауыр науқастар жоқ, 12 науқас ауруханадан шығарылды. Қызылшаға қарсы иммунды күшейту шаралары, Қостанай облысында аурудың соңғы жағдайлары 2019 жылдың шілде айында тіркелді. 2020 жылдың басында – Арқалық қаласында 29 жағдай, облыстың басқа өңірлерде қызылша тіркелмеді, - деп мәлімдеді басқарма басшылығы. 

Оның айтуынша, аурудың алғашқы жағдайлары Түркістан (7), Қызылорда (7) және Алматы (5) облыстарының студенттері арасында тіркелген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және Арқалық қалалық Денсаулық басқармасының мамандары эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, ошақтың аймағында қатынасқандардың айналасы анықталуда. 

Арқалық қалалық колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында қатынаста болғандарға вакцинацияны регламенттеумен эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шығарылды. Бүгінгі күні 698 қатынаста болған адам егілді, - деп хабарлады басқараманың ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы