Қарағанды облысында триатлон парк салынады

19 Ақпан 2020, 16:27
2128
Бөлісу:
Қарағанды облысында триатлон парк салынады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылықтардың жайлылықта өмір сүруі үшін аулаларды жаңарту мен жарықтандыру бағытында біршама шаралар атқарылуда. Қаланың көркеюі бағытында басқа қандай жұмыстар атқарылатындығын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беруінде айтты.

Тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін алдымен олардың жайлылығын қамтамасыз ететін таза аулалар, жақсы жолдар мен қауіпсіз көшелер қажет. 2019 жылы облыстың қалалары мен аудандарында 200 аула, 5 парк пен гүлзар абаттандырылды. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд теңге жұмсалды,- деді әкім халықпен кездесуінде.

Ағымдағы жылы да аталған жұмыстар жалғасын табатын болады.

Биыл облыс бойынша 220 ауланың аумағы жөнделеді, оның 119-ы Қарағанды қаласына тиесілі. Сонымен қатар, қалалардағы көшелердің жарықтандырылуымен айналысамыз. Оған жергілікті өндіруші кәсіпорындар тартылады. Одан кейін бұл жұмыстар облыстың басқа да елді мекендерінде жалғасатын болады. Қарағанды қаласының Орталық паркінің жөндеу жұмыстары да жалғасады. Парктің жаңартылуына атсалысатын қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына тәуелсіз экологтар, депуттарттар, қала белсенділері мен қоғамдық кеңестің мүшелері кіреді,- деді Ж. Қасымбек.

Бүгінде облыс орталығында 600-ден астам көше жарықтандырылмаған. Биыл 136 көшеге шамдар орнатылса, қалған көшелер 2021-2022 жылдары жарықтандырылады. Сонымен қатар, "Қауіпсіз қала" жобасы аясында Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Балқаш қалаларының және Осакаров ауданының көшелеріне 4290 бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ, биыл Триатлон-парктің құрылыс жұмыстары мен абаттандырылуы аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы