Оңтүстік Кореяда жұмыссыздық деңгейі күрт өсті

12 Тамыз 2020, 16:23
2954
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда жұмыссыздық деңгейі күрт өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес 2009 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 4 пайыз болып, рекорд жасады. Бұл туралы The Korea Herald хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, пандемия салдарынан 277 мыңнан астам адам жұмыссыз қалған. Басқарманың ақпаратына сәйкес, бес ай бойы жұмыссыздық деңгейі өсіп келе жатыр. Бұл - 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейінгі ең үлкен көрсеткіш.

Ел бойынша 16,5 миллион адам жұмыссыз. Көбіне 40 жастан асқан адамдар екі қолға бір күрек таппай жүр.


Өзгелердің жаңалығы