Бас жаңалықтар
«Өнер көкпары». Досымжанның қос командасы тартысты ойын көрсетті
PHOTO
06 Сәуiр 2021, 15:08 490

«Өнер көкпары». Досымжанның қос командасы тартысты ойын көрсетті

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Таразда өтіп жатқан «Өнер көкпары» республикалық турнирінде әнші Досымжан Таңатаровтың қос командасы өнер көрсетті.

Жамбыл облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өтіп жатқан турнирде Нұр-Сұлтан қаласының «Елорда», Ақмола облысының «Ақмола» құрама командалары өзара мықтыны анықтады.


Естеріңізге сала кетейік, қос команданың да жетекшісі - әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Өнер көкпары» турнирінің үйлестірушісі Досымжан Таңатаров.


Алаңға шыққан қос команда ерекше тартысты ойын көрсетті. Әсіресе «Ақмола» командасының ойыншысы, команда капитаны, асаба Бекжігіт Батыр тамаша ойын көрсетті. Ал астаналықтар арасында «Жастар театрының актері Аймахан Ермаханның өнеріне ел сүйсінді.


Сонымен екі айналымға созылған ойын қорытындысында есеп 4:1-ге жетті. Жеңіс «Ақмола» командасының еншісінде.


Нұр-Сұлтан жігіттері арасында салым салған Аймахан Ермахан болды. Ал «Ақмоланың» 4 салымының екеуін Бекжігіт Батыр салса, әнші, музыка пәнінің мұғалімі Олжабаев Жоламан бір, кино және театр актері Көпбосын Ілес бір салым салды. 


Қазір алаңда «Қарағанды» құрамасы мен «Әулие Ата» құрама командасы ойын өткізіп жатыр.




Фото: автордан
Загрузка...