Өңірлік архивтерден саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мәліметтер іздестіріліп жатыр

5 Сәуір 2021, 16:49
2333
Бөлісу:
Өңірлік архивтерден саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мәліметтер іздестіріліп жатыр

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. «Маңғыстау облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өзге аймақтардағы әріптестерімен байланысып, саяси куғын-сүргін құрбандарына қатысты мәліметтерді іздестіру, зерттеу және жинақтау жұмыстарын жүргізуді бастады.

Өзіңізге мәлім, ел Президентінің №456 жарлығы негізінде еліміз бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу мақсатында былтыр 24 қарашада мемлекеттік комиссия құрылды. Аталған комиссия бекіткен тұжырымдама негізінде Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан аймақ әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен өңірлік комиссия құрылып, алда уақытта атқараты жұмыс жоспары бекітілді. 

Бірінші отырысымыз осы ақпан айында өткізілген болатын. Қазіргі таңда жергілікті мұрағат деректеріне сүйене отырып, саяси-қуғын сүргін құрбандарын іздеушілердің тізімі жасақталып жатыр, - деп мәлімдеді жоғары аталған басқарма басшысы.

Пәния Сармурзинаның мәлімдеуінше, жергілікті комиссия мүшелері сарапшылар біріге отырып Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау өңірлері мен Алматы қалалық мұрағаттар бөлімдеріне хабарласып, саяси куғын-сүргін құрбандарына қатысты мәліметтерді іздестіру, зерттеу және жинақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл бағыттағы іс-шаралардың басым көпшілігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға орай қашықтан, яғни онлайн байланыс арқылы жүзеге асатындығы айтылды.


Өзгелердің жаңалығы