Тоқаев онлайн форумда Қазақстанның індетпен күреске қосқан үлесі туралы айтты

28 Мамыр 2020, 21:23
2176
Бөлісу:
Тоқаев онлайн форумда Қазақстанның індетпен күреске қосқан үлесі туралы айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты.

Форум барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның пандемияға қарсы жаһандық күреске қосқан үлесі туралы айтты.

БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің шақыруымен Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының атынан "#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатыстым. Жиында Қазақстанның пандемияға қарсы жаһандық күреске қосқан үлесі туралы айттым - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы