Оқушылар телеарна арқылы сабақты қалай оқитыны белгілі болды

25 Наурыз 2020, 17:56
27112
Бөлісу:
Оқушылар телеарна арқылы сабақты қалай оқитыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі үйде интернеті жоқ оқушылар үшін арнайы сабақ кестесін әзірледі. Қазақ тіліндегі сабақтар "Balapan" телеарнасы арқылы, ал орыс тілінде "Ел арна" телеарнасында көрсетілсе.

Мәселен, 1 сынып оқушылары "Balapan" телеарнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00 - 09:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Сауат ашу, Математика,  Жаратылыстану, Дүниетану пәндері бойынша білім алады. 

2 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:20 - 09:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану және Орыс тілі пәндері бойынша білім алады.

3 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:50 – 10:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану және Орыс тілі пәндері бойынша білім алады.

4 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10:20 – 10:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану және Орыс тілі пәндері бойынша білім алады.

5 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10:50 – 11:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Математика, Қазақстан тарихы,  Жаратылыстану, Дүниежүзі тарихы және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

6 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:20 – 11:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті,  Математика, Қазақстан тарихы,  Жаратылыстану, Дүниежүзі тарихы және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

7 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:50 – 12:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

8 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:20 – 12:50 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

9 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:50 – 13:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

10 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13:20 – 14:00 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

11 сынып оқушылары "Balapan" арнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 14:00 – 10:40 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология және Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алады.

Өзгелердің жаңалығы