Қорғаныс министрлігінің спорт нысандары ҰОК-ның аккредитациясына ие болды

30 Қыркүйек 2020, 11:37
1162
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің спорт нысандары ҰОК-ның аккредитациясына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт комитеті Армия орталық спорт клубының спорт нысандарының сәйкестік сертификатын Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Алматыда тапсырды.

Бұл - АОСК балансында тұрған ареналарда оқу-жаттығу сабақтары мен жиындарды, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізудің заңдылығын растайтын негізгі құжат. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті олимпиадалық спорт түрлері бойынша құрамалар жаттығатын спорттық базаларды аккредиттеуді жүргізуде. Біз мұны спортшыларымыз жақсы жағдайда дайындалуы үшін жаттығу сапасын бақылауды күшейту үшін жасаймыз. Еліміздің бас санитар дәрігер белгілеген спорт ұйымдарына қойылатын талаптардан басқа, коронавирусты жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік беретін қосымша регламенттер әзірленді, – деді Андрей Крюков. 

АОСК спорт нысандары – қазіргі заманауи дамыған инфрақұрылымы бар әмбебап кешендер. Мұнда әртүрлі спорт түрлерімен айналысу, спортшылардың тұруы мен тамақтануы, медициналық қызметтер көрсету және оңалту, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
 


Өзгелердің жаңалығы