Оралда автобус пен көлік апатқа ұшырап, жолаушы қайтыс болды

4 Тамыз 2020, 17:41
1767
Бөлісу:
Оралда автобус пен көлік апатқа ұшырап, жолаушы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда ВАЗ автокөлігі жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Жол-көлік апаты салдарынан жеңіл көліктегі жолаушы көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы жол торабында болған. Апат болған күні облыс орталығында жаңбыр жауып тұрғандықтан жан-жақты көру мүмкін болмаған. Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желіде тараған. Жол апаты болған жерге бірден жедел жәрдем келген. 

3 тамыз шамамен сағат 20:50-де Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында және Пугачев көшесінде № 2 жолаушылар автобусы ВАЗ 21102 автокөлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік солға бұрылған кезде бағдаршамға қарамай, автобусқа жол бермей өтіп кеткен. Салдарынан жол апатынан үш адам зардап шеккен. Олар облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Жеңіл көліктің бір жолаушысы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - делінген хабарламада. 

Полиция өкілдері жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын, қажет сараптама тағайындалғанын хабарлады.  


Өзгелердің жаңалығы