Оралда қарауылда тұрған жауынгер өз-өзін атып өлтірді

16 Маусым 2021, 17:50
2013
Бөлісу:
Оралда қарауылда тұрған жауынгер өз-өзін атып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең күзет бекетінде тұрған әскери қызметкер өз-өзін атып өлтірді.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Ол Оралдың түзету мекемелерінің бірін қарауылдаған. Қасында қаруы да болған. Ер адамды өте ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізді. Дегенмен ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Әскери бөлімдегілер тергеу құпиялылығына байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.

Қатардағы жауынгер қаруымен бірге қарауылда болып, өз-өзіне оқ атып алған. Жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлері жасаған барлық шараға қарамастан, әскери қызметкерді құтқарып қалу мүмкін болмады. Қазір гарнизонның тергеу органдары тергеу алды іс-шараларды бастап кетті, - деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.
Өзгелердің жаңалығы