«Ордабасыға» жаңа бас бапкер келді

21 Қаңтар 2021, 16:14
1656
Бөлісу:
«Ордабасыға» жаңа бас бапкер келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттің «Ордабасы» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Енді алдағы маусымда команданы беларусь маманы Александ Седнев жаттықтырады. 

Оны бүгін ресми түрде таныстырды. Бұған дейін 47 жастағы бапкер Беларусь еліндегі «Белшина», «Динамо» (Минск), «Днепр» (Могилев) командаларын жаттықтырған. Одан кейін Қазақстанның «Ақтөбе» клубының тізгінін ұстады. Былтыр отанына оралып, Бресттің «Рух» клубында жұмыс істеген еді. 

Седневтің көмекшісі болып қазақстандық Андрей Ферапонтов тағайындалды. Ол бұған дейін 2017 жылы «Ордабасы» клубының бас бапкерінің көмекшісі болған. Сонымен қатар «Қайрат», «Ақтөбе», «Оқжетпес» клубтарында жұмыс істеген. Былтыр Седневпен бірге «Рухта» болды.

Өзгелердің жаңалығы