Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

24 Ақпан 2021, 13:15
4779
Бөлісу:
Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында XXІХ қысқы чемпионат,әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жастар арасында VІ қысқы чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 272 қатысушы, 18 команда өз шеберліктерін көрсетіп, чемпион атағына күш сынасып жатыр.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Өрт сөндіру-құтқару спорты - жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Чемпионат Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Чемпионаттың ашылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов спортшыларға сәттілік тіледі.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Қорғаныс министрлігінің, министрінің, әріптестерімнің атынан жарыстың басталуымен құттықтағым келеді. Жарыста ең мықты спортшы, команда жеңіске жетсін. Мұндай шынығу жаттығулары ең алдымен жұмысқа, қызметке қажет. Сондықтан сіздерге сәттілік тілеймін, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өрт сөндіру-құтқару спорты тек жылдамдықты ғана қажет ететін спорт түрі емес екенін айтты.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Спорттық іс-шараның ашылуымен құттықтағым келеді. Өрт сөндіру-құтқару спорты дамып келе жатқан спорт түрі. Мұнда тек жылдамдық қана емес, сонымен қатар көп нәрсені секундтар шешетін гимнасттың ептілігі, спортшының жылдамдығы қажет. Сондықтан қатысушыларға мықты денсаулық пен сәттілік тілеймін, - деп атап өтті ол.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Осы ретте биыл өтетін әлем чемпионатында бірінші орынды Қазақстан алады деп үміттенетінін жеткізді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Чемпионатқа қатысып жатқан ТЖМ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Мейрам Ысқақов та спорт мерекесімен құттықтап өтті.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Ардагерлер ұйымының атынан бүгінгі спорт мерекесімен құттықтаймын. Осы залда алғашқы жеңістерді қанжығалаған болатынбыз. Осы залдан шыққан біздің азаматтарымыз әлем чемпиондары атанған. Сондықтан бәрі алдымызда, - дейді генерал-майор.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Салтанатты шара барысында министр Юрий Ильин «Қазақстандық өрт сөндіру-құтқару спортына 60 жыл» төсбелгісімен Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов пен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевті марапаттады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін спортшы ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында шабуыл баспалдағымен мұнараның 2,3,4 қабаттарына көтерілу жарысы басталды.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

​Айта кетейік, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аймағында өрт сөндіру-құтқару спортынан 18 ерлер, 12 әйелдер және 13 жастарға арналған секциялар бар.

Өрт-сөндіру құтқару спортының жаттықтырушы құрамы 24 адамнан тұрады, олар ерлер, әйелдер және жастар командаларын жаттықтырады.

Қазақстан Республикасында өрт сөндіру-құтқару спорты мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы бері дамып келеді. Осы кезеңге дейін ерлер арасында 28 ҚР қысқы чемпионаты, әйелдер арасында 6 ҚР қысқы чемпионаты, жастар арасында 5 ҚР қысқы чемпионаты өтті.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?   

2018 жылы Қазақстанда Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша федерациясы 60 жылдығын атап өтті.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Өртке қарсы қызметкерлерінің кәсіби қызметінің негізгілерінің бірі - өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары.

Өрт сөндіру құралдарын тез арада жаю, адамдарды құтқару, мүліктерді эвакуациялау, биіктікте, түтін мен жоғары температурада қызмет атқару, қиын жағдайда әр түрлі кедергілерден өту жеке құрамнан өз борыштарын өтеуден басқа денсаулық пен төзімділікті, күш жігер мен қайратты талап етеді. Осы қасиеттер спортшы-өрт сөндірушілерде бар.

Бұл азарттық құмарлық спорт емес, адамдардың өмірін құтқаратын спорт түрі.

Бұл спорт түрі жыл сайын біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде дамып келеді. Яғни бұл өрт сөндіру-құтқару спортының қажеттілігі екенін көрсетеді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Еске сала кетсек, 25 ақпанда жарыстың 2 кезеңі өтеді. Онда ерлер, жасөспірімдер үлкен, орта тобы мен кіші тобы арасында кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өтеді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?

Ал 26 ақпанда жарыстың 3 кезеңінде әйелдер арасында кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өтеді.

Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ спорткешенінде ұйымдастырылады.


Өзгелердің жаңалығы