Өрттен зардап шеккен Риддерде құрылыс жұмыстары басталды

16 Мамыр 2021, 11:48
910
Бөлісу:
Өрттен зардап шеккен Риддерде құрылыс жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өрттен зардап шеккен Риддер қаласындағы үй құрлысының жұмысымен танысты. Бұл туралы өз өзінің instagram парақшасында жазды. 

Бүгін жұмыс сапарымен Риддер қаласына бардым. Құрылыс алаңында болып, мердігер ұйымдардың басшыларымен кездестім. Барлық компанияларға ұсынған жақсы жобалық шешімдері, сондай-ақ құрылысты уақтылы және тиімді бастағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың әрқайсысы алдарында тұрған жоғары әлеуметтік жауапкершілікті сезінетіндеріне және өңіріміз үшін маңызды миссияны нақты жүзеге асыруға барлық күш-жігері мен кәсіби тәжірибелерін жұмсайтындарына сенімдімін, - деп жазды ол.

Әкімнің айтуынша, мұнда үлкен, сапалы үйлері мен кең, жарық көшелері бар бар әдемі және заманауи шағын аудан пайда болады. 

Келесі аптада келісім жасалғаннан кейін жол төсемінің негізін дайындау жұмыстарына кіріседі. Үйлермен қатар бірден жол салып, жарықтандыру жүргізіп, аумақты, соның ішінде балалар мен спорт алаңдарын абаттандырамыз. 24 мамырда, уәде етілгендей, тағы бір мәрте тұрғындармен кездесу өткіземін. Мердігер ұйымдармен бірге құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырамыз, - деп жазды Даниал Ахметов.


Өзгелердің жаңалығы