Осакаров ауданының омарташысы балдырған балын шығара бастады

2 Қазан 2020, 04:35
1857
Бөлісу:
Осакаров ауданының омарташысы балдырған балын шығара бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бал сортының сирек кездесетін түрі – балдырған балын биыл Осакаров ауданы Колхозное ауылының тұрғыны Сергей Саратовкин өндіре алды. Бұл пайдалы және ара шаруашылығының элиталық өнімі болып саналады.

Осакаров ауданының кәсіпкері бес жыл бұрын бал өндірумен айналысқан. Кішкентайынан осы іске дағдыланған омарташы енді омартаны кеңейтуді жоспарлап отыр.
Балдырған балын алу үшін ерекше климат қажет. Биылғы жылы бізде барлы сәтті болды: аптап ыстық, күннің салқындауы, содан кейін жаңбырдың жаууы. Бұл өсімдіктердің өсуіне ықпал етті. Балдырған гүлдену кезінде менің араларым барлығы жеті банка бал жинады. Бұл іс жүзінде қара түсті, емдік қасиеттері бар және хош иісті бал, - дейді Сергей Саратовкин.
Омарташының айтуынша, биылғы жыл сары акация балын жинау үшін де сәтті болды. Ауа райы бұл сұрыпты жинауға жақсы ықпал етті.


Өзгелердің жаңалығы