ОСК сайлаушылар тізімдерімен жұмыс ұйымдастыру бойынша отырыс өткізді

27 Қазан 2020, 15:55
1505
Бөлісу:
ОСК сайлаушылар тізімдерімен жұмыс ұйымдастыру бойынша отырыс өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы» онлайн отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен өзектілігіне азаматтардың өздері де қызығушылық танытуы қажет екенін айтты.

Сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жасау сайлау процесінің маңызды аспектілерінің бірі. Сайлаушылар тізімдерінің толықтығы, анықтылығы және өзектілігіне деген жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Бірақ, азаматтардың өздері де бұған қызығушылық танытуы қажет. Бұл азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу, электораттың конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруға негіз болады, - деді ол. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Констатин Петров алдағы парламенттік сайлауда сайлаушылар тізіміне енген азаматтардың санын атады.

ОСК-ның осы науқанының кезекті сипатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сайлаушылар тізілімін өзектендіру жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыс аясында 1 қазандағы жағдай бойынша 11 820 318 азамат  сайлаушылар тізіліміне енгізілді. Сайлаушылар тізімі жақсарды. Бұрын, ақпарат көздері түрлі болған кезде, кейбір азаматтар екі тізімде қатар жүруі немесе бірде-бір тізімнен табылмау жағдайы орын алуы мүмкін еді. Қазір бұл тәжірибе ескірді деп санаймыз, - деді Петров.

Ол сайлаушылар тізімін құру сайлау процесінің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі екенін атап өтті.

Сайлаушылар тізімдері негізінде азаматтар Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға өздерінің конституциялық құқығын іске асырады. Осыны негізге ала отырып, сайлаушылардың барынша толық және анық тізімдерін қалыптастыруды жергілікті атқарушы органдардың функциясы ретінде ғана емес, әкімдіктердің, аумақтық сайлау комиссияларының және әрбір сайлаушының бірлескен жауапкершілігі ретінде де қарау қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы