Бас жаңалықтар
Өскеменде Жамбылға ескерткіш қойылды
14 Қараша 2019, 20:38 596

Өскеменде Жамбылға ескерткіш қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы Жамбыл саябағында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен жүзеге асырылды. 

WhatsApp Image 2019-11-14 at 15.25.12.jpeg

Ескерткіштің авторлары атақты мүсіншілер Сәрсен Сеитов пен Қазыбек Дулатов.

WhatsApp Image 2019-11-14 at 15.25.12 (2).jpeg

Ескерткіштің ұзындығы екі жарым метрге жуық. Тастың үстінде домбырада ойнап отырған Жамбыл Жабаевтың қоладан жасалған бейнесі бірнеше баспалдақтан тұратын дөңгелек алаңы бар тұғырға орнатылған.

WhatsApp Image 2019-11-14 at 15.25.12 (1).jpeg

Ескерткіштің ашылу салтанатына Жамбыл Жабаевтың туыстары, өңірдің зиялы қауымы мен қала жұртшылығы, аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты.

Ақынның шығармашылығы жазбаша және ауызша күйінде қазақ халқының арасында кеңінен таратылды. Оның туындыларынан Отанға деген махаббаты байқауға болады. Ол халықтың мұңы мен еркіндігін, тарихи тұлғалар мен батырлардың ерлігін жырға қосып, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды сынға алып, шыншылдық туралы өлең шығарды. Ақынның туындылары ауызша түрде халық арасында таралып, кейіннен бірнеше тілге аударылды. Бүгінде оның шығармашылығын Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Чехия мен Словакия елдерінде жарық көрген кітаптардан да оқуға болады. Бұл саябаққа Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Сондықтан осы алаң шығармашылық кездесулер мен байқаулардың, танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің бас қосатын мекеніне айналсын, - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Қазақстандағы ғимараттарға, көшелер мен саябақтарға ақынның аты-жөні берілген. Сондай-ақ ескерткіштер ашылған. Шығыс Қазақстанда Жамбыл Жабаев атынадғы 5 мектеп, 3 елді мекен, 33 көше бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...