Бас жаңалықтар
Өскеменде ауадан алты химиялық элементті анықтайтын жүйе жұмыс істейді
12 Сәуiр 2021, 14:04 234

Өскеменде ауадан алты химиялық элементті анықтайтын жүйе жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста экологиялық жағдайды мониторингтаудың көпшілікке қолжетімді бақылау жүйесі дамып келеді.

Бұған экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткен жылдың қазан айында қабылданған өңірлік кешенді жол картасы септігін тигізген. 

2020-2024 жылдар аралығына арналған кешенді жол картасы бойынша облыс аумағында 35 түрлі шара ұйымдастыру жоспарланған. Аталмыш шаралар ауа сапасын жақсартуға, қалдықтарды тастауды бақылауға, жерасты және жерүсті суларын қорғауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, - дейді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсаинов. 

Басқарма басшысының айтуынша, жол картасын іске асыру арқылы тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасалып, өндіріс жұмыстарын жаңғырту арқылы ауаға шығарылатын қалдықтар азайған. 

Сондай-ақ автоматтандырылған мониторингтау жүйесі, қалдықтарды саралап, қайта іске жарату жұмыстары да жүргізілмек. 

Қолданыстағы бюджеттік бағдарлама арқылы қоршаған ортаны қорғауға байланысты жүргізілген шаралардың нәтижесінде облыс орталығында ауа сапасын өндірістік-экологиялық моиторингтайтын жүйе енгізілді. Бұл жүйе тоғыз жерде алты түрлі химиялық элементтің деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Өстіп, тұрғындар үшін ауа сапасын мониторингтайтын жүйе қолжетімді болып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық мониторингтау жүйесін дамыту туралы тапсырмасы орындалды.




Фото: дереккөз
Загрузка...