Өскеменде бүгін өзен трамвайлары жұмысын бастады

6 Мамыр 2021, 23:07
2874
Бөлісу:
Өскеменде бүгін өзен трамвайлары жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Өскемен қаласындағы Ертіс өзені бойымен трамвайлар жүре бастады, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Қарлығаш», «Жұлдыз» және «Шағала» деп аталатын трамвайларға биыл «Комета» трамвайы қосылды. Сонымен Ертіс өзені бойымен 4 трамвай жүретін болды.

Өткен жылғы бағалар осы жылдың 20 мамырына дейін жарамды. Кейін жанармай қымбаттауына байланысты баға көтерілуі мүмкін, – деп жазды трамвай иелері әлеуметтік желідегі парақшаларында.

Алғашқы рейс бүгін сағат 12:00-де жүрді. Трамвайлар әрі қарай жүруге дайын.

Өзгелердің жаңалығы