Өскеменде өрт кезінде төрт бала эвакуацияланды

17 Сәуір 2021, 15:48
1179
Бөлісу:
Өскеменде  өрт кезінде төрт бала эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының құтқарушылары өрт кезінде 15 тұрғынды, оның ішінде 4 бала эвакуациялады, деп хабарлады Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт таңертең ерте Новорабочая көшесінде, 2 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде болған, 2 қабаттағы пәтерде есік блогының ағаш конструкциялары, қабырға қаптамалары өртенген еді. Келген құтқарушылар бірінші кезекте 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Өрттің себебі монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды, электр жабдықтарын пайдалану, атап айтқанда: электр сымдарының алюминий жолдарында қысқа тұйықталу, - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Кезінде өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды жою қажет. Алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек.

Өзгелердің жаңалығы