Қостанай облысында тағы екі адам коронавирус жұқтырды

7 Сәуір 2020, 14:26
1583
Бөлісу:
Қостанай облысында тағы екі адам коронавирус жұқтырды

Қостанай облысы. BAQ.KZ тілшісі. Тобыл өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жағдай тіркелді. Бұл туралы Қостанай облысының ақпараттық штабы хабарлады.

Аталған жағдай Қостанай облысының 1990 және 2000 жылы туған ерлі-зайыпты тұрғындарынан анықталды. Олар Тобыл қаласында госпитальде карантинде жатқан.

Індет жұқтырған екі қостанайлық бұған дейін коронавирус инфекциясына шалдыққан азаматшамен Шарм-эль-Шейхтен (Мысыр) Алматыға дейін бірге ұшып келген. Алматыда алынған сараптама нәтижесінде олардан ешқандай ауру белгілері білінбеген. Мысырдан оралған туристермен бір вагонда болған 12 жолаушының бәрі карантинге жатқызылған. 

Коронавирус алғашқы жағдайда азаматшаның бойынан Алматыдағы бірінші тексеруден 13 күн өткен соң анықталса, бүгін тіркелген екі азаматтан да дәл осынша уақыт өткенде белгілі болған.
Айта кету керек, бұл жағдайлар науқастармен жақын байланыста болғандықтан туындаған. Сондықтан, осы санаттағы адамдарға көп көңіл бөлініп отыр. Қазір кесел жұқтырғандар госпитальден облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - дейді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында осыған дейін тағы бір тұрғын аталған індетке шалдыққаны анықталған болатын.




Өзгелердің жаңалығы