Бас жаңалықтар
Қостанайда 10 блок-бекет қойылады
29 Наурыз 2020, 18:20 190

Қостанайда 10 блок-бекет қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі Төтенше жағдайлар кезеңінде Қостанайдан шығатын республикалық және облыстық жолдарда 10 блок-бекет орнатылады.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, блок-бекеттерде тәртіп сақшыларынан бөлек медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Сонымен, облыста бүгіннен бастап Ақмола, СҚО, Қарағанды, Ақтөбе облыстарына шығатын жол бағыттарына уақытша шектеу қойылады. Алайда бұл аймақтарға емдеу шаралары үшін жол ашылады. Облыстың аудандары мен қалалары арасында автобус тасымалдау толығымен тоқтатылады.

Қостанайдан Ресей Федерациясына шығу уақытша шегерілді. Блок-бекеттердің жұмысы ҚР президентінің қаулысы шеңберінде қатаң бақылауға алынады.

Фото: дереккөз
Загрузка...