Осы сайлаудан үлкен үміт күтемін – ақын Бауыржан Жақып

10 Қаңтар 2021, 14:58
2239
Бөлісу:
Осы сайлаудан үлкен үміт күтемін – ақын Бауыржан Жақып

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып сайлау әділ өтеді деген сенімде.

Ол бала-шағасымен бірге Алматыдағы 242 сайлау учаскесіне барып, дауыс бергенін айтты.

Сайлауды әділ өтеді деп сенемін. Осы сайлаудан үлкен үміт күтіп отырмын. Елімізде үлкен өзгерістерге бастайтын, елімізді жаңғыртатын Парламент  жасақталады деп сенемін. Үгіт-насихат жұмыстары елімізде, соның ішінде Алматы қаласында жақсы жүргізілді. Барлық партияға тең мүмкіндік жасалды. Бұқаралық ақпарат құралдары болсын, әлеуметтік желілер болсын, халық әр партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты, - дейді ол. 

Сонымен қатар дайындық кезінде сайлаушыларға да дер кезінде ақпарат беріліп отырғанын айтты. 

Осы сайлаудан үлкен үміт күтемін – ақын Бауыржан Жақып

Сайлаушыларға дауыс беретін сайлау учаскелері туралы дер кезінде айтылды. Осындай жұмысты ұйымдастырған Алматы әкімдігінің жұмысына жоғары баға беруге болады, - дейді Жақып.
Өзгелердің жаңалығы