Осы жолы нақты шешім қабылдадым. Тоқаев жерді енді жалға беруге де болмайтынын айтты

25 Ақпан 2021, 12:12
4464
Бөлісу:
Осы жолы нақты шешім қабылдадым. Тоқаев жерді енді жалға беруге де болмайтынын айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге жалға да беруге болмайтынын айтты.

Жер - халқымыз үшін қастерлі ұғым. «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп бірнеше рет айттым. Бұл жөніндегі қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынандай шешім қабылдадым: Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шарушалығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл - шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты, - дейді Тоқаев.

Президент осы мәселеге қатысты тез арада жұмысқа кірісуді тапсырды.

Бір айдың ішінде Жер реформасы жөніндегі комиссиясын құру қажет. 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын. Комиссия құрамына аграрлық секторлардың беделді мамандарын, жер мәселесін жақсы білетін сарапшыларды қосу керек. Үкіметке биылғы тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәміле арқылы түбегейлі байлам жасауды тапсырамын. Сосын халықты үнемі хабардар ету керек, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы