Бас жаңалықтар
Осындай жақсылықты бастау керек. Бақтияр Артаев туризмді дамытуға қатысты ұсыныс айтты
18 Қаңтар 2021, 16:38 165

Осындай жақсылықты бастау керек. Бақтияр Артаев туризмді дамытуға қатысты ұсыныс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев «Болашақ» бағдарламасымен Лондонда оқып жүрген кезінде «Мадам Тюссо» музейінен алған әсерімен бөлісіп, балауыз мүсіндер музейін Қазақстанда ашу туралы ұсыныс айтты.

Лондонда оқып жүргенде, әлемнің танымал спортшыларымен бірге әнші, актерлары бар мұражайды көріп сүйсінген едім. Осындай жақсылықты елде бастау керек сияқты. Елімізге және әлемге танымал ақын жазушы, әнші, спортшылардың мүсіндерін жасап үлкен мұражай ашу керек. Бұл да менің болашақ жоспарларымның бірі, - дейді Бақтияр Артаев.

Спортшы айтып отырған «Мадам Тюссо» - Лондондағы үлкен мұражай. Ол 1835 жылы ашылған. Әлемнің 20-дан астам қаласында филиалдары бар. Бұл мұражайда кино, музыка, спорт, сән әлемінің және тағы басқа салалардың беделді адамдарының көшірмелері бар. Кейде жұлдыздардың өзі мұражайға барып, өздерінің көшірмелерін көріп қайтады.

Оның жобасы мынандай. Бірінші қабатқа 300 адамға кино зал салу керек. Ол жерде қазақ хандығының құрылғаннан бергі тарихын көрсету қажет. Өз бабаларымызды ұлықтағанымыз жөн. Ал екінші қабатқа Абай Құнанбайұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәмші Қалдаяқов, Бекзат Саттарханов, Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы секілді кісілердің бейнелері болу қажет. Үшінші қабатқа әлемдік жұлдыздардың суретін қоюға болады. Өйткені көп адам сол тұлғаларды көруді немесе жәй суретке түсуді армандайды. Әрине, әркімнің талғамына сай тұлғасы болады. Туризмді дамытуда мұндай бастамалар керек, - дейді Олимпиада чемпионы.


Фото: дереккөз
Загрузка...