Бас жаңалықтар
Отандық спортшылар Қытайдағы "Masters" турниріне қатысады
10 Желтоқсан 2019, 15:31 1621

Отандық спортшылар Қытайдағы "Masters" турниріне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-14 желтоқсан күні Қытай халық республикасының Циндао қаласында дзюдодан әлемдік "Masters" турнирі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Жылдың қорытынды жарысына әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады. Аталған жарыста Қазақстан намысын 9 дзюдошы қорғайды. Олар: Елдос Сметов (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Елдос Жұмақанов (66 кг) Ерлан Серікжанов (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Дидар Хамза (81 кг) Ислам Бозбаев (90 кг).


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...