Отандық фильмдер Еуразиялық кинофестивальдің финалына шықты

6 Тамыз 2020, 18:41
1433
Бөлісу:
Отандық фильмдер Еуразиялық кинофестивальдің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық алты кинокартина Eurasian Creative Guild Film Festival финалына жолдама алды. Шешуші кезеңге шыққан туындылардың тағдыры тамыз айының 13-19 аралығында Лондонда өтетін фестивальде шешілмек деп жазды kazakh-tv.kz.

Қазақстанды Еуразия кеңістігіне танытатын мына туындылар: «Әлемдік дипломатияның шыңында: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде», режиссері Ақмарал Баталова; қысқаметражды кино – «Мавжуда», режиссері Нимасу Намсарен; «Андер», режиссері Алина Мұстафина; сценарий - «Отбасылық Диалект», авторлары Мақсұд, Мансұр және Марат Сәрсембаевтар; "Жібек көбелек үйі», авторы Зәуре Төреханова.
Сондай-ақ, «Кітап трейлері» деп аталатын жаңа номинациясы бойынша режиссер Павел Погодаевтың «Проективная графика» кинокартинасы жолдама алды.
Фестиваль жеңімпаздарын көрермендер дауыс беру арқылы анықтайтын болады. Көрермен назарына іріктеуден өткен 60 фильм ұсынылмақ. 



Өзгелердің жаңалығы